Абай облысындағы өрт түтіні Жетісу облысының Алакөл, Ақсу, Көксу, Қаратал аудандары мен Талдықорған қаласына жеткен. Бұл жайында Жетісу облысының төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
25 мамырда орман өртіне байланысты Абай облысының да Бородулиха ауданында төтенше жағдай жарияланған.Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 24 мамыр күні кешке өрт аумағы 3,5 мың гектар болған.
Өрт Ресей аумағынан 22 мамырда шыққан. Қазақстан шекарасына жақын Ресейдің Новенькое ауылында шөп өртенген. Кейін өрт Қазақстанның Абай облысындағы "Семей орманы" резерватына жайылған.
24 мамырда таңертең құтқарушылар Абай облысындағы елді мекендерге төнген қауіп сейілгенін хабарлаған еді.
9 маусымда жергілікті әкімдік Абай облысы Бородулиха ауданында өрт күшейіп, үш орманшы қаза болғанын хабарлаған. "Семей орманы" мемлекеттік табиғи орман резерваты аумағындағы өртке байланысты Семей қаласында төтенше жағдай енгізілген.
9 маусым түсте өрт аумағы бастапқыда 30 мың гектарға жеткені, кейін 60 мың гектарға жеткені туралы ақпарат тараған.
Дереккөз: Азаттық радиосы
Пікір қалдыру