Алматы әкімі Ерболат Досаев мемлекет қайраткері Бердібек Сапарбаевтың отбасы мен туыстарына көңіл айтты

/image/2023/06/10/crop-40_16_304x540_img_7706.jpeg

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Сапарбаевтың өмірден өтуіне байланысты орны толмас ауыр қайғыға ортақтасып, отбасы мен ағайын-туыстарына көңіл айтты.

«Бердібек Машбекұлы сан түрлі салада еңбек етіп, 45 жылдан астам уақыт мемлекеттік қызметте еліміздің өркендеуіне қомақты үлес қосты. Тәуелсіздікті нығайту жолында қатардағы экономистен ҚР Премьер-министрінің орынбасарына дейінгі лауазымды қызметтерді абыроймен атқарды. Әрдайым жауапты қызметтің тұтқасын ұстап, қысылтаяң уақытта да жүктелген күрделі міндетті тиянақты орындап, елдің сенімінен шыға білді».

Ерболат Досаев Бердібек Сапарбаевтың жарқын бейнесі халықтың жүрегінде мәңгі сақталатына сенім білдірді.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар