Экс-министр Ильиннің үстінен іс қозғала ма? ІІМ жауап берді

/image/2023/06/13/crop-21_13_646x1148_112.jpg

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов бұрынғы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинге қатысты іс қозғау жөнінде пікір білдірді.

"Тергеу жүріп жатыр, өрт қасақана қойылған деген нұсқа бар. Іс арнайы прокурорлардың өндірісіне қабылданды. ІІМ қызметкерлері сол топ құрамында. Тергеу нәтижесін күтейік. Қасақана өртеу, найзағай түсу, немқұрайлылық нұсқалары бойынша сараптамалар мен іздестіру іс-шаралары жүргізілетін болады. Тергеуге 2 ай уақыт берілді”, – деді министр.

Сондай-ақ, министр Юрий Ильиннің үстінен іс қозғалуына қатысты сұраққа да жауап берді. 

“Президент Бас прокурорға тапсырма берді, оның шеңберінде тексеру жүргізілетін болады. Өрт фактісі – бұл төтенше жағдай, адамдар қаза тапты, сондықтан қылмыстық іс аясында тексеру болады. Неліктен уақтылы шара қолданбады? Мүмкін немқұрайлылық, қызметтік міндеттерін орындамау”, – деді Ахметжанов.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар