Қонаев қаласында ресейлік әнші Григорий Лепстің концерті өтетіні хабарланған болатын. Алайда концерт өткізуге арналған Macao Luxury Village Resort іс-шара ұйымдастырушысымен келісімшартты бұзды.
Компанияның хабарлауынша, шешім біржақты тәртіпте қабылданған. Сондай-ақ, билет ақшасын алған жерден қайтарып алуға болатыны хабарланды,
Еске салайық, Лепс 8 шілдеде Қонаев казиносының бірінде өнер көрсетуді жоспарлаған. Концерт билеттерінің бағасы 50 мың теңгеден басталады. Ең қымбат билеттер 1 миллион теңгеге бағаланған.
Еске салсақ, қазақстандықтар әлеуметтік желіде Ресейдің Украинаға жасаған басқыншылығын қолдайтын Григорий Лепстің концерт өткізуіне наразылық білдірді.
Пікір қалдыру