Астана қаласының маңында қураған ағаш өртеніп, қаланы түтін басты. Өрт шыққан орынға техника мен өртсөндірушілер жіберілді.
Астана қалалық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Қорғалжын тас жолы мен Қосшы қаласына қарай айналма жолдың арасындағы өрт 15 гектарға жайылған.
"Қазіргі уақытта өрт сөндірушілер шамамен 15 гектар аумақты алып жатқан өртті сөндіру үшін жұмыс істеп жатыр. Ұйытқи соққан қатты жел, батпақты жер, сонымен қатар барар жолдың жоқтығы өртті сөндіруді күрделендіріп отыр. Өртті сөндіруге Астана қалалық төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамының 140 маманы мен 21 техникасы, әкімдіктің 8 су шашатын машинасы, «Астана орманы» мекемесінің 10 көлігі жұмылдырылған", - деп мәлім етті Астана қалалық ТЖД баспасөз қызметінен.
Бұған дейін Қорғалжын тасы жолы мен Қосшы қаласына қарай айналма жолдың арасында қураған ағаштың өртеніп жатқанын
Пікір қалдыру