35 жастағы тараздық Азат Бердіқұлов туғаннан ДЦП дертімен күресіп келеді. Айықпас дерті кәсіп жасауына да, отбасын құруына да кедергі болмады. Қазір Азат табысты кәсіпкер әрі бақытты әке. Оның Айзере есімді бір қызы бар. Ал бизнеспен айналысып жүргеніне биыл 6 жылдан асты. 10-нан аса адамды жұмыспен қамтып отыр. Былтыр Алматыдан 4 бөлмелі пәтер алып, ата-анасын көшіріп әкелген Азат ноутбук жөндеп, қайта сатумен айналысады. Алғашқы тапқан табысы – 5 мың теңге болса, қазіргі кәсібі айына 20 млн теңге пайда әкеліп отыр.
Пікір қалдыру