Ким Чен Ын: «КХДР АҚШ бастайтын кез келген соғысқа дайын »

/uploads/thumbnail/20170708200351002_small.jpg

Солтүстік Корея көшбасшысы Ким Чен Ын Кореяның Еңбек партиясының 70 жылдық мерей тойына арналған мерекелік шеруде КХДР АҚШ тарапынан бастау алатын кез келген соғыста өзін қорғай алатындығы жөнінде мәлімдеме жасады. Бұл туралы «Қамшы» порталы bbc.com-ға сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Ким Чен Ын: «Рухымыздың мықтылығы, әскеріміз бен халқымыздың бірлігі империалистер тарапынан қойылған санкциялар мен изоляциядан аман өтуге, сонымен қатар жауларымыздың бізден қорқып, аяқ тартуына өз септігін тигізді», - деген болатын  Пхеньянның Ким Ир Сен атындағы орталық алаңында өткен мерекелік шеруде.

Сонымен қатар, әлемге жолдап, айтқан сөзіне дәлел ретінде Солтүстік Корея президенті ешбір қауіптен қорықпайтұғын қуатты әскері барын көрсетіп, мақтанғысы келгендей әсер қалдырды.

Солтүстік-корейлік астана орталығымен мыңдаған жауынгер қызыл ту ұстап, жүріп өтсе, жойғыш пилоттық топ ауада 70 деген санды бейнеледі.

Пхеньяндағы мерекеге орай Қытай Коммунистік партиясының биік шенді мүшесі Лю Юньшань мырзадан басқа ешбір шетелдік көшбасшы келмеді.

Солтүстік-корейлік телевизияның көрсеткен кадрлары Ким Чен Ынның аудармашы арқылы Лю Юньшаймен сөйлесіп бірнеше рет жымия күлгеніне куә етті.

Пхеньянда жұма күні түнде болған қатты нөсердің салдарынан мерекелік шерудің басталуы бірнеше сағатқа кешеуілдеді.

Мейрам сенбі күні кешке мың адам қатысқан факелдық шерумен және КХДР-дегі әйгілі «Моранбон» әйелдер ансамблінің концертімен аяқталды.

КХДР-дың әскери техникамен қаншалықты деңгейде жабдықталғанын батыстық сарапшылар мұқият бақылап отырды. Әскери техникалық шеру тура 21 минут уақытты алды.

Солтүстік корейлік ядролық бағдарлама аймақтас мемлекеттер мен жалпы халықаралық қоғамның алаңдаушылығын бұрыннан тудырып отыр.

Кейбір мәліметтер бойынша, Солтүстік Корея қазіргі уақытқа дейін үш жер асты ядролық сынақ өткізіп, бекітілген санкцияларға қарамастан қазір төртіншісіне дайындалып отырған көрінеді.

Пхеньян үкіметі мемлекеттің бас атомдық реакторы Йонбёндағы ядролық комплексте орналасқанын қыркүйекте хабарлаған болатын.

Сонымен қатар, солтүстік корейлік үкімет ядролық зарядты бірнеше есе кішірейтіп, қазір оның зымырандық оқтықтың ішіне сыйып кететіндігін мәлімдеді. Бұл, өз кезегінде, американдық сарапшылардың күмәнін тудырып отыр.

Назгүл Назар

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар