"Новая волна" тарихында қазақстандық қатысушы тұңғыш рет жүлделі орынға ілікті (Видео)

/uploads/thumbnail/20170708200352096_small.jpg

Халықаралық "Новая волна-2015" байқауында үшінші байқау күні аяқталды, оның қорытындысы бойынша лауреаттар анықталды. Қазақстанның намысын қорғаған әнші Адеми екінші орынды қанжығалап келді. Бұл туралы "Қамшы" порталы Tengrinews.kz -ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Осыған дейін қазақстандықтар "Көрермендер көзайымы" және "Алла Пугачеваның арнайы жүлдесі" секілді сыйлықтарға ие болып келген . Ал, үштікке жақындай алғандар Rin’Go (4-орын), Қайрат Түнтеков (4-орын) және The Jigits тобы (4-орын).

Конкурстың соңғы күні қатысушылар өз репертуарындағы авторлық әндерін орындады. Жас әнші Адеми (Динара Қайырова) "Последняя весна" әнін орындады, бұл әнді оған танымал композитор Ренат Гайсин арнайы жазып берген болатын. Композицияны ол Батырхан Шүкеновке арнады. Қазылар алқасынан жоғары ұпай алған ол екінші орынды индонезиялық қатысушы Милаин Фернандезбен бөліп алды.     

Байқауда хорват әншісі Дамир Кедзо жеңіске жетті. Айта кетейік, барлық қатысушы Сочиде үш аптадан астам уақыт өткізді, олар байқауға дайындалып қана қоймай, уақыттарын қызықты өткізіпті. Мәселен, әнші Адеми бірінші рет футбол ойнаған. 


 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар