Қырғызстан президенті жиенінің жемқорлықпен сотталуына қатысты пікір білдірді

/image/2023/07/24/crop-83_44_607x1079_4f765ed2-47a4-4fab-8e16-e9e79ffc402a.webp

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров журналистерге берген сұхбатында жиенінің жемқорлықпен тұтқындалуына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы 24.kg агенттігі жазды. 

Ол сыбайлас жемқорлықпен күресте дос та, дұшпан да жоқ екенін айтты. Президенттің айтуынша, заңды бұзғаны үшін сотталғандардың барлығы мемлекеттің бірінші тұлғаларымен туыстық дәрежесіне қарамастан жауапкершілікке тартылады.

"Қазір заман басқа. Барлығына заң бірдей. Жемқорлықпен айналыссаң қамауға алынасың. Мемлекетке екі еселенген шығынды өтейсің де, кетесің. Әйтпесе түрмеге жабыласың. Мен араласып, бұл ағаны қамамаңыз десем, қалғандары да заң бұза бастайды. Қырғыздарда бір жаза мың адамға сабақ болады деген жақсы сөз бар”, – деді Садыр Жапаров. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Бішкекте елдің қазіргі президенті Садыр Жапаровтың жиені Ұлан Жапаров жемқорлықпен ұсталған болатын.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар