Ресей СІМ: Қырғызстанның мемлекеттік тіл туралы заңы демократияға сай емес

/image/2023/07/24/crop-13_15_485x863_4bb4c459-142f-4118-8ca4-35e4109df0ab.jpeg

Қырғызстанның мемлекеттік тіл туралы заңын Ресей СІМ "демократияға сай емес" деп бағалады. Бұл туралы Ресей СІМ сайтына сілтіме жасап, Азаттық радиосы хабарлады.

"Қазір ТМД кеңістігінде күрделі жағдайлар болып жатыр. Бірнеше ай бұрын Қырғызстанда заң қабылданды. Бұл идея пайда болған сәтте-ақ біз қырғыз достарымызға "қырғыз тілін жаппай міндеттеу - демократияға сай еместігін" ескерткенбіз. Мемлекеттік қызмет санатына мұғалімдер мен мемлекеттік медициналық мекемелерде жұмыс істейтін дәрігерлер де кірген. Жұмысты жалғастырамыз. Қырғыз конституциясында орыс тілі ұлт аралық қатынас тілі екені бірнеше рет ескертілсе де басқа жаққа тартып отыр" деді Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров.

Еске сала кетейік, 17 шілдеде Қырғызстан президенті Садыр Жапаров тіл туралы заңға қол қойған. Заңға сәйкес енді мемлекеттік қызметкерлер, депутаттар, ұлттық банк қызметкерлері, күш құрылымдары, сот, прокуратура, адвокаттар, нотариустар, оқу орындарының қызметкерлері, медицина қызметкерлері мемлекеттік тіл – қырғыз тілін білуге және қызмет міндетін орындау кезінде пайдалануға тиіс.

Бұл заң меншік түріне қарамастан телерадиокомпанияларды бағдарламаның кемі 60 пайызын қырғыз тілінде жүргізуге міндеттейді. Бірлескен компаниялар мен шетелдік компаниялар атауы қырғыз тіліндегі транслитерациямен жазылуға тиіс.

Заңда орыс тілі Қырғызстанда ресми тіл ретінде қолданылатыны көрсетілген.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар