Жыл басынан бері Астана қаласында 206 адам АИТВ (ВИЧ) инфекциясын жұқтырды. Бұл туралы елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова мәлімдеді.
"Астана қаласында алты ай ішінде ВИЧ жұқтырудың 206 жағдайы тіркелді. Қателеспесем, олардың арасында екі жасөспірім бар", - деді ол Астана қаласының коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте.
Еске салсақ, биыл 14 маусымда Алматыдағы ЖИТС орталығының мамандары айдың басында орталық клиникалық ауруханада емделіп жүрген үш адамның сынамасы ВИЧ-ке оң нәтиже көрсеткенін мәлімдеді. Сол күні денсаулық сақтау министрлігі АИТВ (ВИЧ) жұқтыру фактісі бойынша эпидемиологиялық тексеріс бастады.
Пікір қалдыру