Назарбаевтың жиен немересі басшылық қызметке тағайындалды

/image/2023/08/01/crop-17_7_610x1084_7f0f14e61dbd0a0d.webp

Экс президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жиен немересі Нұрәли Әлиев "Транстелеком" АҚ Директорлар кеңесінің басшысы болды. Аталған шешім 25 шілдеде акционерлердің жалпы жиналысында қабылданған. 

Директорлар кеңесінің құрамында: Әлиев Н.Р., Покупателев Д.А., Өтемұрат Б. М., Гумаров Э. М., Ахметжанов А.М., Чеховский В. А., Ибраимов К.У. бар.

KASE мәліметінше, компания 2022 жылдың қорытындысы бойынша акционерлерге дивидендтер төлемейді.

"Транстелеком" акционерлері – "Unit Telecom" ЖШС (75% үлесі) және "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы (25% үлесі).

"Транстелеком" АҚ ресми сайтында Нұрәлі Әлиев алғаш рет акционерлердің жалпы жиналысының 2016 жылғы 4 тамыздағы шешімімен Компанияның Директорлар кеңесінің құрамына сайланғаны айтылады.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар