Қарағандыда уланған балалар әлі жансақтау бөлімінде жатыр

/image/2023/08/07/crop-3_3_360x639_c5542ccf028fc7bcc0b66f2ade51edd9_resize_w_742_h_365.jpeg

31 шілдеде Қарағанды облыстық балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында уланған балалардың алтауы әлі жансақтау бөлімінде жатыр. 

"Бүгін тағы үш баланы үйге шығару жоспарлануда. 7 тамыздағы жағдай бойынша жансақтау бөлімінде алты бала жатыр. Жансақтау бөліміндегі балалардың жағдайы тұрақты. Барлығы тоғыз науқас жатыр, екеуі балалар ауруханасында жансақтау бөлімінде, қалған жетеуі облыстық клиникалық аурухананың жұқпалы аурулар орталығында", - деп хабарлады Қарағанды ​​облысының денсаулық сақтау басқармасы. 

Естеріңізге сала кетейік, 31 шілдеде Қарағанды облыстық балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 13 баланың уланғаны хабарланған болатын. Балалардың біреуі қайтыс болды.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар