Полиция қоғамда қызу талқыланған Шымкенттегі "Romantic" гүл дүкенінде болған оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Гүл дүкенінде ер адамды қорлап, гүлді алып кеткен азамат бұрынғы полиция қызметкері екені анықталды.
Оқиға 8 мамырда Шымкенттегі гүл дүкендерінің бірінде болған. 1989 жылы туған Б. есімді азамат осы жылдың 19 мамырында отбасылық себептерге байланысты өз өтінішімен ішкі істер органдарынан босатылған Қаратау АПБ-ның бұрынғы қызметкері екені анықталды.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу басталды.
Бұған дейін анықталған азаматтың «прокурордың ұлы» екені айтылған. Мұны Шымкент прокурорлары да жоққа шығарды.
Пікір қалдыру