Ақтау қаласының әкімдігі қаладағы президентің бұрынғы рещиденциясының орнына не салынатынын айтты, деп жазады Lada.kz басылымы.
Президенттің бұрынғы резиденциясы балалар үшін қайта жабдықталады, алайда қалалық әкімдік Самал шағынауданындағы 225 гектардан аса жер учаскесінде нақты не салынатыны туралы шешім әлі қабылдамаған.
Бұған дейін құны шамамен 1 миллиард теңге болатын жер учаскесінің мемлекетке қайтарылғаны айтылған еді. Маңғыстау облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасы 2002-2004 жылдары жер учаскесі «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ меншігіне беріліп, көп уақыт өтпей, Oil Real Estate ЖШС-не сатылғанын хабарлаған болатын.
Сот тергеу арқылы 20 жылдан аса уақыттан кейін жер учаскесінің заңсыз сатылғанын анықтады. Учаске иесі апелляциялық шағым беру арқылы бірінші сатыдағы соттың шешімін жоюға тырысты.
Жер учаскесін беру кезінде Ақтау қаласының әкімдігі жалпы тәртіпті сақтамаған, яғни жер учаскесі жер комиссиясының және жерге орналастыру жобасының қорытындысынсыз берілген. Департаменттің жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтару туралы талабын бірінші сатыдағы сот қанағаттандырды. Жауапкер берген апелляциялық шағым Маңғыстау облыстық сотының шешімі бойынша қанағаттандырылмады. Сот шешімі заңды күшіне енді, - деп хабарлады Маңғыстау облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасы Lada.kz басылымына.
Ақтау қалалық әкімдігі бұл жер учаскесінде нақты не салынатыны әлі белгісіз екенін хабарлады.
Бұл учаске бас жоспарға енгізіліп, егжей-тегжейлі жоспарлау әзірленеді. Осыдан кейін ғана учаскеде не салынатынын айтуға болады, - деп жауап берді әкімдік.
Еске сала кетсек, бұған дейін ел президентінің тапсырмасы бойынша Қостанай, Ақтау, Тараз, Атырау және Ақтөбедегі өңірлік резиденциялар әкімдіктерге балалардың қажеттіліктеріне берілетіні хабарланған болатын. Сондай-ақ Атырау, Жамбыл, Ақтөбе облыстарындағы президент резиденцияларын балалар сауықтыру орталықтарына айналдыру жоспарланған.
Пікір қалдыру