Талибандықтар Құндыз қаласынан кететін болды

/uploads/thumbnail/20170708200437081_small.jpg

«Талибан» исламистік қозғалысы бас мақсаттарына жеткендіктен Ауғанстанның солтүстігіндегі Құндыз қаласынан кететіні туралы мәлімдеді. Бұл туралы «Қамшы» порталы bbc.com-ға сілтеме жасай отырып хабарлайды. «Талибан» бүлікшілері бұл аймақта соңғы екі апта бойында үкіметтік әскермен соғысқан болатын.

Талибандық баспасөз хатшысының хабарлауынша, бүлікшілер Құндыз қаласында орналасқан түрмеден жүздеген жолдастарын босатып, әскери техниканы басып алған екен.

Бүлікшілер Құндыз қаласына қыркүйекте келіп, бас аймақтардан қуылғанша, қаланы үш күн бойында ұстап отырған. Ауғандық әскердің берген мәліметі бойынша, қазіргі уақытта қала толығымен үкіметтің бақылауында.

Дегенмен, қазіргі уақытта Ауғанстанның солтүстігінде орналасқан Газни провинциясындағы көлік жолында жаңа шабуылдар өршіген екен. Провинция атымен аттас қалада талибандықтармен шығарылған зымыран екі адамды өлтірген көрінеді. Жергілікті халық бұл аймақтан жаппай көшіп жатқаны туралы хабарламалар келіп түскен.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар