Күрдтер ИЛИМ-нің «астанасы» Ракку қаласына шабуыл жасайтыны туралы мәлімдеді

/uploads/thumbnail/20170708200436237_small.jpg

Ағымдағы жылдың басында Кобань қаласын жиһадшылардан босатқан сириялық күрдтік «Өзін- өзі қорғау халықтық жасақтары» «Исламдық мемлекет» тобының ресми емес астанасы Ракку қаласына шабуыл жасайтынын мәлімдеді. Бұл туралы «Қамшы» порталы euronews.com-ға сілтеме жасай отырып хабарлайды. Қала исламистердің бақылауына 2013 жылы түскен болатын. Күрдтер бұл операцияны АҚШ басшылығындағы халықаралық коалициямен байланысып іске асырмақ. Бұл әрекетке кейбір топтар мен бірыңғай көтерілісшілер де қатысатын көрінеді.

Ал, сириялық үкіметтік әскер ресейлік авиация қолдауының арқасында Латакия провинциясындағы бірнеше ауылды жиһадшылардан босатты.

Айта кетейік, Мәскеу үкіметі ИЛИМ-ге қарсы әуе операциясын Сирия президенті Башар Асадтың өтінішімен 13 қыркүйекте бастаған болатын. Күні кеше Дамасктағы ресейлік елшіліктің алдында өткен Ресей әрекеттерін қолдауға байланысты митинг ұйымдастырылыған еді. Салдарынан елшіліктің өзі минометтық оқ жаудырудың объектісіне айналып кетті. Бірақ, зардап шеккендер жоқ.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар