Ақтөбе облысында табиғи газдан уланған 8 адам ауруханаға түсті

/image/2023/09/05/crop-0_38_675x1200_almaty-5076386_1280.jpg

Облыс әкімдігінің хабарлауынша, төртінші қыркүйек күні шамамен кешкі 20.00-де Кеңқияқ, Саркөл, Шұбарши тұрғындары газдың өткір иісіне шағымданған.

Шұбарши станциясындағы жоспарлы жөндеу жұмыстарынан соң "Одарант" атты газ жүйесі іске қосылады. Жергілікті тұрғындардың шағымдарынан кейін ЖШС "Техногаз" қызметкерлері Кеңқияқ, Саркөл ауылындағы жер үйлерде тексеріс жүргізіп, газ таралмағанын анықтады.

Улану белгілерімен ауруханаға түскен 8 тұрғынға алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Қазіргі уақытта тұрғындардың денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.
Басқа шағым айтушылар болмаған.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар