Елімізде 302 адам ресми түрде банкрот деп танылды

/image/2023/09/06/crop-85_59_651x1157_3lvjwenm.webp

Елімізде 302 жеке тұлға ресми түрде банкрот деп жарияанды.  Олардың 435 миллион теңге болатын несиесі есептен шығарылды. Бұл туралы мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.

Банкроттыққа өтініш бергендердің орташа жасы – 40. Өзін банкрот деп жариялағандардың ішіндегі ең жас адам – 23 жастағы Қызылорда тұрғыны. Оның 1 миллион теңгеден аса қарызы болған. Ал ең үлкені - 3 млн теңге қарызы бар Маңғыстау қаласының 65 жастағы тұрғыны.

Еске сала кетейік, жеке тұлғаларды банкрот деп тануға өтініш қабылдау 3 наурызда басталған еді. Берешек сомасының шекті мәні 5,5 млн теңге болып бекітілген. Бір айда 37 мыңнан астам азамат өзін банкрот деп жариялауға өтініш берген.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар