"Ресей құлдарын дайындап жатырмыз ба?": Тоғжан Қожалы министрге сауал жолдады

/image/2023/09/06/crop-35_277_3100x5511_img_0985.jpg

Қоғам қайраткері Тоғжан Қожалы мектептегі орыс әдебиетінің орнына «Әлем әдебиетін» енгізуді ұсынды. Бұл туралы өзінің facebook парақшасында жазды. 

Қызын орыс сыныбына берген депутат мектептің мемлекеттік бағдарламасын қарап, наразылығын білдірді. Тоғажан Қожалының айтуынша, 6 сынып оқушылары жылына 130 сағатын орыс тілі мен әдебиетін оқуға арнайды. Мектептегі ағылшын тіліне 64 сағат бөлінсе, қазақ тілі мен әдебиетіне бар болғаны 84 сағат арналған.

«Орыс тілі мен әдебиетіне бөлінген сағат қазақ тілі мен әдебиетіне қарағанда 2 еседей көп. Біз қай мемлекетте тұрамыз? Қазақстанда ма әлде Ресейде ме? Орыс әдебиеті бізге не үшін керек? Біздің балаларымызға не себепті Тургенев пен Пушкин Абайдан артық, Мүсіреповтен артық, Чехов Шәкәрімнен артық болуы керек? Неге?! Біз неге балаларымызға Диккенсті, Марк Твенді, Шекспирді оқытпаймыз?! Білім министріне сұрақ: Біз кімбіз? Біз кімді дайындап жатырмыз? Қайтадан сол Ресейдің "құлдарын" дайындап жатырмыз ба? Әлде Қазақстан азаматтарын ба?»,– дейді Тоғжан Қожалы.

Тоғжан Қожалының айтуынша, қызы білім алатын орыс сыныбындағы оқушының 95%-ы қазақ.

"Оқу бағдарламасын өзгерту керек. Орыс әдебиеті пәнінің орнына әлем әдебиетін енгізуді ұсынамын", дейді Тоғжан Қожалы. 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар