Өзбекстанда ұшақтан 8,5 тонна есірткі тәркіленді

/image/2023/09/08/crop-70_33_1011x1797_7664686_0_100_1920_1180_1920x0_80_0_0_42c5cc90e489e49abc69a876fd42a74b.jpg

Өзбекстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі  шетелден Өзбекстанға ұшақпен әкелініп, кейін жүк көлігімен транзиттік режимде тасымалданбақ болған 25 тонна болатын мың қап кондитерлік көкнәр тұқымын кедендік тексеруден өткізді.

Алайда олардың арасынан нағыз есірткі санатына жататын 8,5 тонна көкнәр сабаны табылған. 

"Кедендік тексеру кезінде құжаттарда кондитерлік көкнәр деп көрсетілген 25 тонна тұқым мен сабанның ішінде нағыз есірткі болып саналатын 8,5 тонна көкнәр сабаны бар екені анықталған" – делінген хабарламада.

Қазір бұл жағдайға байланысты кеден органдары қылмыстық іс қозғады.

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар