ҰҚК төрағасының орынбасары Руслан Сейсембаев "Шанхай ынтымақтастық ұйымының Аймақтық терроризмге қарсы құрылымы" кеңесінің 40-отырысында Қожа Ахмет Яссауи кесенесіндегі жарылыс пен Астанадағы қарулы шабуыл алдын алғанын айтты деп хабарлайды Zakon.kz.
Руслан Сейсембаевтың айтуынша, Қазақстанда лаңкестік әрекеттіңдің қаупі әлі де сейілмей тұр.
"Жыл сайын кем дегенде екі лаңкестік әрекетті ұйымдастырушылар ұсталады. Мысалға, биылғы жылдың өзінде Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесін жарып жіберуді жоспарлаған терорристік ұйымды қолға түсірдік. Сондай-ақ Астанада адам көп жиналатын жерлерде қарулы шабуыл жасау әрекеті дер кезінде анықталып, алдын алу шаралары жүргізілді", – деді ҰҚК өкілі.
Оның айтуынша, мұндай оқиғалар ШЫҰ-ға мүше мемлекеттеріндегі террорлық қауіптердің салдарынан пайда болып отыр. Руслан Сейсембаев мысал ретінде Ауғанстан билігіне келген "Талибан" қозғалысын тілге тиек етті.
"Бұл ел – әлем бойынша лаңкестік ұйымдарды тарататын басты орталық. 50-ден астам террорлық әрекеттердің нәтижесінде 350-ден астам адам қаза тауып, 700-дан аса жарақат алғандар бар. Ең үлкен қауіп тудырып отырған – "Хорасан вилаяты" лаңкестік ұйымы. Олардың саны осы уақыт аралығында 500-ден 6 мыңға жуық дайындалған лаңкестік әрекеттерге дейін өсті", – деп атап өтті Руслан Сейсембаев.
Пікір қалдыру