Құмар ойынның кесірінен қарызға батқан қаржы мекемесінің директоры өз фирмасын тонаған. Оқиға Тараз қаласында орын алды.
"7 қыркүйекте Тараз қаласының 102 арнасына шағын қаржы мекемесіне тонау жасалғаны туралы хабарлама түсті. Полицейлер мекеме филиалының 47 жастағы директоры кассирді дәретханаға қамап, кассадан 24,5 млн теңге ақшаны алып қашып кеткенін анықтады", - делінген ІІМ хабарламасында.
Соған байланысты ҚР ҚК 191-бабының 4-бөлігі (аса ірі мөлшерде жасалған тонау) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
"Дереу күдіктінің туыстарымен байланыс орнаттық. Мекеме директоры жасырынып үлгермей, өз еркімен ұрланған ақшаны полиция органына алып келуге мәжбүр болды”, – деп мәлімдеді ведомство.
Пікір қалдыру