Бүгін Алматы соты Қаңтар оқиғасы кезінде "халықты билік өкілдерінің талаптарына бағынбауға шақырды" деп айыпталып, 9 айға қамауға алынған Әділет Мусиннің үкімін өзгеріссіз қалдырды.
Бірақ қамауда отыру мерзімі аяқталғандықтан қаңтаршы түрмеден босатылды. Туыстары Азаттыққа Әділет Мусиннің тергеу изоляторында отырған кезде азапталғанын айтқан. Алайда азаптау бойынша түсірілген шағым қаралмады. Бұл туралы Азаттық радиосы жазды.
Еске сала кетейік, тергеу органдары 2022 жылы 4 қаңтарда Мусин жұртты "билік өкілдерінің заңды талаптарына бағынбауға шақырған" деп айыптаған еді. Мусиннің өзі тағылған айыптарды үзілді-кесілді жоққа шығарған болатын.
Пікір қалдыру