Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Назарбаевтың немере інісі Самат Әбіштің ешқайда кетпеу туралы қолхатпен жүргенін айтты. Тергеушілер әлгінің ешқайда қашып кетпейтініне сенімді көрінеді.
«Тергеу органдары өз тергеу жұмыстарына сүйенеді. Олар оның ешқайда қашпайтынына сенімді болса керек. Және ол қылмыстық қудалау органдары алдындағы заң бойынша өзіне жүктелген міндеттерінің ешқайсысын бұзбаған болуы мүмкін, Сондықтан оған басқа бұлтартпау шарасын қолдану туралы мәселе туындамаған», – деді ол.
Оның айтуынша, тергеу амалдары жүріп жатыр, басқа тергеу деректері жарияланбайды.
«Самат Әбішке қатысты іс тергеу барысында, тергеу жүріп жатыр. Қылмыстық-процесуалдық Кодекс талабына сай, тергеу деректері деректері жарияланбайды. Өткенде Бас прокуратура мәлімет берді. Самат Әбіш елде жүр. Тергеу амалдары жүріп жатыр. Оған қатысты «Қаңтар оқиғасы» кезінде лауазымды өкілеттілігін асыра пайдаланды деген күдікпен іс қозғалды», – деді Шындалиев Мәжіліс кулуарында.
Қылмыстық іске Әбіштің не қатысы бар екені белгісіз, деп атап өтеді kursiv.media басылымы. Әзірге бұл қылмыстық іс бойынша Самат Әбіштің заңды мәртебесі туралы да нақты мәлімет жоқ.
19 қыркүйекте Бас прокуратура Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбішке қатысты қаңтар оқиғасы кезінде лауазымды өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікпен тергеу бастап еді.
Бас прокуратура "Конституцияға сай, заң мен сот алдында барлық азаматтар тең" екенін айтып құтылған.
Пікір қалдыру