Министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, "Өзавтосаноат" пен BYD Auto бірлескен кәсіпорын құрып, оны BYD Uzbekistan Factory деп атайды. Бірлескен кәсіпорын электр және гибрид автомобильдер шығарумен айналысады.
Инвестициялық жобаның алғашқы кезеңінде 50 мың автомобиль шығарылса, ал екінші кезеңінде өндіріс көлемі жылына 300 мың автомобильге жетуі керек.
BYD Uzbekistan Factory Қытайдан тыс жерде электромобиль шығаратын алғашқы қытайлық бірлескен кәсіпорын атанады.
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев сол күні BYD делегациясы мен оның президенті Ван Чуаньфуды қабылдады. Кездесуде электромобиль шығаратын өндірісті Жизақ облысында тезірек бастау керектігі айтылды.
Естеріңізге сала кейтік, "Өзавтосаноат" пен BYD Auto Өзбекстанда автомобиль шығару жайын 2022 жылғы тамызда келіскен. Сол кезде де тиісті келісім-шарт қабылданған. Ал 2023 жылдың басында BYD бренді Өзбекстан нарығына ресми түрде кірген.
Пікір қалдыру