Сириялық әскер Алеппо қаласына шабуыл жасамақ

/uploads/thumbnail/20170708200526457_small.jpg

Ресейлік авиация Алеппо қаласындағы сириялық әскердің масштабты құрлықтық операциясын қолдауға дайындалып жатыр. Бұл туралы «Қамшы» порталы «Reuters» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. «Хезболлах» ливандық ұйымы өкілдері мен ирандық әскердің қатысуымен өтетін әскери операция жақын күндері басталмақ екен. 

Алеппо қаласының батыс жағы сириялық әскердің бақылауында болса, қалған бөлігі оппозициялық топтардың иелігінде екен. Ал қаланың солтүстігіне қарай оппозициялық топтарды «Исламдық мемлекет» ығыстырып отыр.

Сириялық үкіметке жақын орналасқан дереккөздердің хабарлауынша, бұл шабуыл Хама провинциясындағы бүлікшілерге қарсы операцияның жалғасы болғалы тұр екен.

Олардың айтуынша, Алепподағы операция туралы шешім қабылданып қойған және ирандық әскери бөлімшелерге үлкен сенім артылып отырған көрінеді.

Айта кетейік, күні кеше ресейлік әуе бомбалаушылар Хама провинциясына да, Алеппо қаласына шабуыл жасаған болатын.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар