"Алматы қаласының төменгі аймағындағы "Барахолка" базарының жағдайын тұрақтандыруға арнайы жұмыс жүргізілуде",- деп мәлімдейді мегаполистың әкімі Ахметжан Есімов блогерлермен өткен кездесуінде. Қала басшысы: "Біз 2011 жылдан бері осы "Барахолка" базарының мәселесімен айналысып келеміз. Базарға қатысты ресми үкімдер, соттың шешімдері, санэпидемстанцияның, өрт сөндіруші орындардың ресми шешімдері бар. Кейбіреулердің қарсылығына қарамастан, біздің жұмысымыз дұрыс жүріп, жатыр. Жұрттың сөзіне қарағанда базардағы өртті арнайы ұйымдастырады деседі. Кейбіреулері әкімшілік өртейді деген қаңқу сөз де таратып жүр. Қарап отырсаңыз, кешегі өртті сөндіруге 914 адам, 113 техника жұмылдырылды. Мұндай орасан зор шығын кімге керек? Асылы, бұл көшіруге келмейтін жай ғана базар еді",- деп қадап айтты. Оның айтуынша, былтырғы өрттен жапа шеккен кәсіпкерлер сотқа материалдық шығынын өтеу үшін ешқандай шағым түсірмеген. Базар басшылары да самарқау күйде жатыр. Мәселен,базар аумағында ағымдағы жылы 12 рет өрт болса, ал ондағы жалпы шығын 172 миллионды ешкім дауламады. Тексеру барысында, базардағы тауар айналымының заңға қайшы тұстары кездесті. Кеденде тіркелмеген, Қытайдан тікелей көлеңкелі жолмен әкелінген тауарлар да бар. Кеденде өте үлкен мәселе бірі - заңсыз өтушілер, экстремистер. Онда 200-ден аса адам ешқандай құжатсыз осы тірлікпен айналысқан. Денсаулық сақтау басқармасының тексеруі бойынша, әйелдер арасындағы жұқпалы ауру Алматы қаласының орта есебіне қарағанда 7-есеге артқан. Қала әкімі босатылуы тиіс аймақтардағы келіспеушіліктер туралы: «Қарсыласу бар. Баспасөзде, депутаттар арасында ұйымдасқан кейбір мүдделерді жақтасушылар табылуда. Алайда, баспасөз мәжілісінде айтқанымдай, егер ары қарай дәл осылай жалғастыра берсе, онда олардың аты-жөндерін айтатын боламын. Біз келістік қой. Және олар тоқтатты. Бәрі тыныш, бәрі жақсы",- деп қала басшысы белгісіз біреулерге сес көрсеткендей болды.
Айта кетейік, кеше, 5 ақпан күн Барахолка базары тағы өртенді. Контейнердегі шаруашылық тауарлары өртке оранып, аумағы 1000-1500 шаршы метрді қамтыды. . «Алатау-1» базары да өртенудің сәл ғана алдында қалды. Жалпы аумағы 400 шаршы метр.өрт 2 сағатта сөндірілді. Саудагерлердің жалпы шығындары есептелуде. Осыған дейін базар 12 рет өртенген. Кейбір деректерге сүйенсек, қалада жаңа инфрақұрылымды бастау үшін,базар аумағын босату керек.
Пікір қалдыру