Абай Отар: Қай сайт "Тәңіржаңалықтарымен" теңесе алады?

/uploads/thumbnail/20170708151159660_small.jpg

Есімовты айыптаудың не қажеті бар? Айтыңдаршы, дәл қазір қай сайт Тәңіржаңалықтары* мен Заң.кз** секілді жұмыс жасап тұр? Қазақша жазатын кез келген ақпараттық сайт әлгі екеуінен кем түспесе, озып кете алмайды. Таңертең жұмысқа келіп жаңалық оқитын сайт қайсысы? Тәңіржаңалықтар, әрине. Ақпаратты елден бұрын беретін қайсысы, "Тәңіржаңалықтар" әрине. Кез келген жерде оқиға ортасында жүретіні қайсысы? Әрине, "Тәңіржаңалықтар". Оқиғаны рет-ретімен беріп тұратын сайт қайсы? Тағы да, "Тәңіржаңалықтар". Журналистер ұйықтап жатқанда жаңалық жазып отыратын қай сайт? Ол да - "Тәңіржаңалықтар". Қандай да бір апат бола қалса қай сайтты бірінші ашып оқимыз? Олай болса, жаңалықты Тәңірден алғандай жылдам тарататын Тенгрньюсті бірінші оқитыны үшін Есімовты неліктен айыптауымыз керек? Осы "Тәңіржаңалықтарымен" бәсекелес болатын бір қазақша сайтты айта аласыз ба? Жоқ! Отырып алып жылаңқылана бергенше жұмыс істе, ақпарат ізде. Жаз елден бұрын. *Тенгриньюс **Закон.кз

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар