Азаматхан Әміртай: Қазақтілді білімді блогерлер өте аз

/uploads/thumbnail/20170708151159460_small.jpg

  Анда-санда Үсеновы "абайсызда" адам қағып, "аңдаусызда" базары өртеніп тұратыны болмаса, смогы мен тығынымен-ақ басы қатып жатқан тып-тыныш қала еді бұл... Алматы деген. Есімовтың есімі де алғаш жауған омбы қармен жиі еске алынатын. "Тез жинай қоймады" деп.. Кешелі-бүгін Есімов пен оның түскі асына барған 10 орыстілді блогер бүкіл әлеуметтік желінің қорытуынан өтіп жатыр. Түскі асқа шақырылмаған, бірақ сонда барып шу шығарған 3 блогер 10 тәуліккке қамалып кетті. Біріншіден, сөзін талғап сөйлейтін шенеунік үшін "қазақтілді ресурстарды қарамаймын" дегені сәл асылық секілді. Көңіл үшін болсын айта салу керек еді...Әйтпесе сол жерде Есімовтың жауабынан соң бастырмалата "Сонда мүлдем оқымайсыз ба? Бұл қалай?" деп шынын шығарып алатын қазақтілді блогердің болмауы. Екіншіден, өтіміз жарылып кетсе де айтайық, қазақ интернетінің қасындағылар да сол "Блогеры, выходите" деп айқайлап, күлкіге қалған әлі 3 блогердің тірлігінен аса артық та емес. Біз өзімізге тек қазақ тек мүсіркете қарайтын психологиядан кету керек. МЫсалы, Тенгриньюс пен Законға тең келер қандай ақпарат көздеріміз бар? Ювижнге тең келер қандай блогтұғырымыз бар? Әрнәрсені сөз еткенмен, саяси өте шыңдалған блогерліміз өте аз..бар болса да ұйымдаспаған. Осыдан кейін келіп біреуге ренжиміз.. Арнольд Шварценеггерге бір журналист келіп "Сіз өте таланттысыз" десе, жатып келіп ренжіпті. "Сонда мен не кәсіби емеспін бе?" деп...Сондықтан да, қазір бізге кәсібилігімізді арттыру керек. Соны түсіндім.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар