Қазақ телеарналарында балаларға арналған бір хабар жоқ екен. Ана әнші ызыңдап 70 сағат ән сымақ бірдеңені езеуретіп, мына әнші 70 сағат бір түрлі қазаққа ұқсамас сайқымазақ сымақ бірдені бұлтыңдатып (көрсең, ашуың келеді), журналиспін деген біреу ауылды жамандап 30 сағат дауласып, арасында жалаңаш қыз иіссабынмен денесін, кірін жуып, содан отырып қалған қыздары таусылмайтын (үндіс қой деймін) бір қақпас кемпір туралы бірдеңені тырыңдатып... Өзгесі Ресейдің телеарналарының Батыс пен құрлықтың ары жағынан көшірген тағы сол сияқты бірдеңелерді көрсетеді екен.Ештеңе көре алмадым. Қазақ телеарналарының бейнесі - осы!..
Пікір қалдыру