Ғалымдарға қатысты даулы құжаттың күші жойылды

/image/2023/10/12/crop-16_9_882x1569_mycollages-28.jpg

Қазақстан ғылым және жоғарғы білім министрлігі ғылыми мекеме қызметкерлерін ашаршылық пен репрессияға "баға бермеуге" шақырған нұсқаулығының күшін жойды, деп хабарлайды Азаттық.

Министрліктің ресми өкілі Ержан Байтанаевтың айтуынша, қоғамда қызу талқыланған нұсқаулықты ғылым комитеті өз бетінше дайындап, таратып жіберген 

"Хат [ғылым] комитет қызметкерлерінің жеке бастамасы екенін баса айтамыз және хатты жоғары тұрған ведомствоның алдын ала рұқсатынсыз жарияланған. Бұл хат тек ұсыныс сипатында болды және оның ешқандай заңды күші жоқ", - деді министрліктің ресми өкілі.

Байтанаев қазір комитет дау туғызған хатты кері қайтарып алып, оған байланысты ішкі тексеріс жүргізіп жатқанын айтады.

Еске салсақ, бұған дейін әлеуметтік желіде ғалымдарға ашаршылық, отарлау саясаты туралы материал дайындауға және елдегі хиджаб секілді даулы мәселелерге қатысты пікір білдіруге тыйым салынған нұсқаулықтың фотосы тараған

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар