Ресейде президент сайлауы күні бекітілді

/image/2023/12/07/crop-6_35_670x1191_original.jpg

2024 жылдың 17 наурызында Ресейде президент сайлауы өтетін болады. Бұл туралы ресейлік БАҚ хабарлады. Бүгін Мәскеуде өткен пленарлық отырыста осындай қаулы қабылданды. 

Аталған құжат ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді. 

"Егер сайлау тағайындалатын жексенбі жұмыс істемейтін мерекені қамтитын аптаға сәйкес келсе, онда сайлау келесі жексенбіге белгіленеді. Алдыңғы сайлау наурыз айында өтті. 2024 жылғы екінші жексенбі 10 наурызға келеді, бірақ осы аптада жұмыс істемейтін мереке - 8 наурыз бар. Сондықтан алдағы президент сайлауы 2024 жылдың 17 наурызына белгіленуі тиіс", деді сенатор Андрей Клишас. 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар