Башар әл-Асад брендтік сән үлгісіне айналды

/uploads/thumbnail/20170708200650427_small.jpg

«Асадты қолдаймыз» деген ұраны бар шолақ жейделер (футболка) «Ресей армиясының» ресми дүкендерінде сатылып жатыр. Мұның астарында не жатқаны белгісіз. Белгілісі- бұл жергілікті халықтың көңіліне жаққан сияқты.  Бұл туралы «Қамшы» порталы хабарлайды.

            Сирия басшысының суреті бар шолақ жейделер сатылымға шыққан күні түгелдей сатылып кеткен. Бағасы 1400 рубль, яғни 6300 теңге тұрады.

            Жалпы Ресейде  Қырым оқиғасынан бері патроиттық сән үлгілері жиі сатылатын болған. Оның ішінде ел президенті В.Путин және Путиннің маңындағы саясаткерлердің суреті бар киім үлгілері. Бұлардың қатарында Белоруссияның «Батясы да» жүр. Ендігі кезек сарапшылар қай саясаткердің суреті киім үлгісінде шығуы мүмкін деген сауалға жауап іздеуде.

Қатысты Мақалалар