Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің экс-басшысы Анар Жайылғанова дүниеден озды

/image/2024/02/13/crop-143_63_563x750_anar.webp

«ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бұрынғы төрағасы Анар Нұралықызы Жайылғанова 55 жасқа қараған шағында мезгілсіз дүниеден озды. Агенттік ұжымы марқұмның туғандары мен жақындарының қайғысына ортақтасып көңіл айтады», делінген көңіл айту хабарламасында. 

Сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет және қоғам қайраткері Анар Нұралықызы Жайылғанованың дүниеден өтуіне байланысты отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

"Анар Нұралықызы еселі еңбек етіп, еліміздің өркендеуіне бар күш-жігерін жұмсады. Көптеген игі іске атсалысып, өзін білікті маман ретінде көрсете білді. Нағыз мемлекеттік қызметшіге тән қалпымен абыройлы қызмет атқарған Анар Нұралықызының есімі мен бейнесі ұмытылмайды. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын", деп жазылған Ақорданың баспасөз қызметі жариялаған жеделхатта.

Анар Жайылғанова 1969 жылы 10 шілдеде Семей қаласында дүниеге келген. 1991 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ды үздік дипломмен бітірді.

Әр жылдары ол ҚР Ғылым академиясының Философия және құқық институтында кіші ғылыми қызметкер, Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының кеңесшісі, ОҚО соттының, сондай-ақ Жоғары соттың судьясы болды.

2019-2022 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы қызметін атқарды.

Марқұмның артында күйеуі және үлкен қызы қалды.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар