«40 минут болды аялдамада тұрғаныма. Автобус жоқ. Неге біздегі коммунальдық қызмет осындай ауа райына дайын болмайды? Масқара ғой, мынау!», дейді аялдамадағылардың бірі.
"Біз базаға жиналдық, бірақ автобус рөліне отырудан бас тарттық. Барлығымыз бір-бірімізбен байланыстамыз, сөйлесіп отырмыз. Алдымен жергілікті коммунальдық қызмет біздің және жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етсін, жолдарға құм сепсін, содан кейін жолға шығамыз. Ал қазір тәуекелге бармаймыз. Сондай шешім қабылдадық", деген автобус жүргізушілерінің бірі жергілікті «Мой город» басылымына берген сұқбатында.
Сондай-ақ І ауысымда оқитын оқушылар қашықтан оқу форматына көшкен. Орал қалалық білім бөлімі мұны ауа райының қолайсыздығымен түсіндіреді.
Пікір қалдыру