Адам өлтірген қылмыскерді қатаң жазалау керек

/image/2024/02/13/crop-20_62_562x999_417460071_10227856478332303_606096380572681065_n.jpg
Елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі өршіп тұрғаны жасырын емес. Бұл қылмыстың түрі тамыры тереңде. Себептерін үйреншікті тек отбасында материалдық қиындық әлеуметтік проблемадан жанжал шықты, немесе құқықтық сауатысыздық негізінде деуге болмайды.
 
Соңғы мысалдардың бірі танымалы экс-министр ісі болды. Сот болмай тұрып фамилиясын атамай ақ қояйын. Жас әйелін аяусыз, жауыздықпен өлтіріп, тәулік бойы жасырын ұстағанын естіп, қалай ғана білімді , сауатты, жағдайы жеткілікті, жақсы ортадан шыққан осындай ауыр қылмысқа барды екен деп таңғалдық.
 
Жай ұрыс керіс бола, құқық қорғау органдары өзі шешер деп қоюға болады. Ондай жағдай отбасылырда болып тұрады. Өкінішке орай жылдан жылға көбейуде.
Соны өзі ойландырады. Қалай азайамыз, жауапкершілікті қатаңдатамыз деп Мәжіліс депутаттары бастама жасап, Заңға өзгерістер еңгізіп жатырмыз.
 
Жазаны күшейтумен бірге қоғамның санасын өзгерту маңызды - кешішіріммен қарауды, қылмыскерлерді ақтауға барлығымыз бірге қарсы шығуымыз керек.
Қыздарымызды ұрып соққан ғана емес, психологиялық зорлық әрекеттерін алдын алу, кішкентай қыздарға жыныстық әрекет жасағанды, әкімшілік емес, қылмыс ретінде бағалап жауапқа тартуды ұсынып жатырмыз.
 
Қоғам біздің әркетті қолдап жатқанын байқаймыз.
 
Зорлық көрсеткен адамға еш аяушылық болмауы керек деп ойлайсың ғой.
Әр қайсымыздың қарындастварымыз, қыздарымыз , немесе немерелеріміз бар - қорғаумыз керек.
 
Осы Зорлық зомбылық боцйынша заңды қатайтуға экс министірдің жасаған қылмысы тікелей әсер етті. Азаматтар петицияға қол жинап, ешкім аты фамилиясын , қызметін пайдаланып жауапкершіліктен қашпау керек деп талап қойып жатты.
Бірақ соңғы кезде байқағаным , көптін наразылығн туғызған аса жауыздықпен адам өлтірген қылмыскерді де ақтап алуға тырысқандар табылып жатыр. Олар аяқ-қолын жерге тигізбей, оның білімді, іскер маман, қамқор күйеу екенін айтып, алтын балаға теңеген болатын.
 
Қылмыскерді ақтауын былай қойып, қолынан қаза тапқан жас қызға күйе жағуға талпынғандар да болды. Алайда халық ақымақ емес. Адам өлімі болды ма - аған нақты адам айыпты.
 
Сондықтан ақылға қонымсыз сөздермен қылмыскерді ақтауға тырысу тым орынсыз.
Заң жобасын қарау жұмыс тобындамын. Мәжілісте қарау кезінде кейбір азаматтар алаңдауын білдіріп жатыр - қылмысы жайлы жаңалықтар тоқтап, іс жабылған сияқты болған. Жауапкершіліктен босап кетпей ма, байланыстарын пайдаланып деп. Олай ойлаудың қажеті жоқ, бұл жағдай қоғамның назарында, сот ісі әлі аяқталған жоқ. Жақында ғана заңгерлер істің жай-жапсарымен танысып, материалдарды қарап бітті деген ақпарат шықты.
 
Бірақ осы тұста қылмыс жасады деген күдіктінің жақындары қайтадан ақпараттық құралдарды, әлеуметтік желілерді іске қосып, экс чиновникті ақтап алуға тырыспау керек.
Біз оған қоғам болып жол бермейміз. Бұл істің ары қарай қалай өрбитінін мен де, сіз де, бәріміз қоғам болып бақылап отыруымыз керек.
 
Себебі қылмыскердің қолынан қайтыс болған жас қыз өлімі елдегі үлкен мәселенің бетін ашып кеттті. Бұған дейін де жарынан таяқ жеп, арқа сүйері болмаған соң іштен тынып жүрген әйелдер көп болатын.
 
Егер бұрын министір болған қылмыскер, өз мүмкіншілігіне сүйеніп жазадан құтылып кететін болса, заңға үміт артып отырған қаншама әйелдің сағы сынады.
Қоғам Жаңа Қазақстанның әділдігі осы ма деп сенімін жоғалтады. Мен заңгер әрі Мәжіліс депутаты ретінде қылмыскердің лайықты жазасын алатынына сенемін әрі бақылаймын.
 
Себебі Әділетті Қоғам құрамыз десек, таныс-тамыр деген түсініктен толығымен арылып, тек заң аясында жұмыс істеуіміз керек.
 
Әрине сот алдында тағы да қылмыскерді ақтап алуға тырысатындар табылатыны сөзсіз. Бірақ нақты дәлелдер бар жерде олардың сөздерінің салмағы болады деп ойламаймын.
Жалпы алдағы кезде осындай қылмысты ақтауға тырысатын кез келген танымал азамат, БАҚ өкілдері кемінде қоғаммен айыпталы керекк деп ойлаймын. Бүгін тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсетіп, кісі өлтірген күдіктіні ақтап отырса, ертең өзі сол істі қайталамасына кепілдік бар ма?
 
Сондықтан өз тарапымнан сот процесі ашық түрде жүреді деп күтемін. Сот процесінің өту барысын бастан аяқ қадағалап, қандай да бір «бармақ басты, көз қысты» фактілеріне жол берілмеуін бақылап отыратын боламын.
 
Бір әулеттің бағып қағып еркелетіп өсірген сүйікті қыздары өлімі бекер болмас үшін заңның қатаң сақталып, қылмыскердің жазалануын қоғам болып талап етуіміз керек. Сонда ғана Әділетті Қазақстанға жететін боламыз.
 
Әрбіріміздің анамыз, қарындасымыз, досымыз, қызымыз бар екенін ұмытпайық! Олар қауіпсіз қоғамда өмір сүруі үшін зорлық-зомбылық көрсеткен әр адам әділ жазасын алуы керек.
 
Мұрат Әбенов , Мәжіліс депутаты Отбасында зорлық зомбылыққа қарсы Заң жобасының жұмыс тобының мүшесі.
Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар