Алматыда жүкті келіншек 18-қабаттан секіріп кетті

/image/2024/03/01/crop-27_1_114x152_20170709221226071_small.jpg

Алматыда Алмалы ауданындағы тұрғын үй кешенінде жүкті жас келіншек 18-қабаттан секіріп кетті.

Оқиға 1 наурызда сағат 12.20 шамасында, Алмалы ауданындағы "Манхэттен" тұрғын үй кешенінде болған. Оқиғаның видеосы желіде тарады.

Видеодан жедел жәрдем қызметкерлері мен сол маңнан өтіп бара жатқан адамдар тас жолда жатқан адамның жанына топырлап жиналып тұрғанын көруге болады. Ал жазба сипаттамасында жас қыздың 18-қабаттан секіргені әрі оның екіқабат екені айтылған.

"Аталған факт бойынша Алмалы аудандық ПД сотқа дейінгі тергеу амалдарын қолға алды, істің мән-жайы тергеу барысында анықталады", дейді қалалық полициядағылар. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар