Назарбаевтар отбасы Испания сотында жеңілді

/image/2024/03/27/crop-16_23_803x1071_zhirona-kulibaev.jpg

Қазақстанның бұрынғы президентінің отбасы Жерорта теңізінің жағасындағы Can Juncadella мүлкіне иелік етеді және 15 жылдан астам уақыт бойы бұл жол үшін Ллоре де Мар қаласының муниципалды билігімен соттасып келеді. 

2009 жылы Назарбаевтар отбасы көпшілік өтетін жолды бөгеп, арнайы күзетпен жауып тастады. Артынша олар мылтық дауысымен жергілікті тұрғындарды қорқытпақ болған. Алайда тұрғындар бұрынғы президенттің отбасын сотқа беріп, жоғарғы сотқа дейін жетті. Каталония Жоғарғы сотының шешіміне сәйкес, Тимур Құлыбаев пен оның жұбайы Назарбаевтың ортаншы қызы Динараның құрылымдары бақылайтын испандық Flinder Data SL компаниясы жолды көпшілік пайдалану үшін ашуға міндеттелді.

Can Juncadella жылжымайтын мүлік кешені Коста Бравада орналасқан шағын Лоретта де Мар курорттық қаласында орналасқан. 2007 жылы оны Назарбаевтар отбасы сатып алған. Бұл Жерорта теңізінің үстіндегі бақылау палубасына кіру мүмкіндігі бар 18 гектардан астам кең аумақ. 3200 шаршы метрлік виллада 19 жатын бөлме, 13 ванна бөлмесі, бассейн және сауна бар.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар