Орынбор облысының Ириклинск су қоймасынан Жайыққа жіберіліп жатқан су ағыны секундына 1600 текше метрге өсті. Бұл туралы "Казгидромет" хабарлады.
Су көлемінің арту деңгейі:
31 наурыз – секундына 90 текше метр;
1 сәуір – 390 текше метр сек;
2 сәуір – 390 текше метр сек;
3 сәуір 00:00 – 620 текше метр сек;
3 сәуір 14:00 – 790 текше метр сек;
3 сәуір 18:00 – 870 текше метр секундта;
3 сәуір 19:30 – 1050 текше метр;
4 сәуір – 1314 текше метр;
4 сәуір – 09:00 – 1672 текше метр;
Жоғарғы Орал су қоймасында су көлемі 0.36-дан 0.46 текше километрге дейін көтеріледі деп күтіліп жатыр. Бұл өткен жылдан 9 есе көп. "Қазгидромет" Ресейден келе жатқан үлкен су көлемінен Атырау облысында 1993-94 жылдардағы су тасқыны қайталанады деп болжап отыр.
"Жоғарыдан келе жатқан су ағыны Батыс Қазақстан облысына бүгін-ертең жетуі мүмкін. Орал қаласына жеткен күннен бастап 4-5 күнде Индер ауданы аумағына кіре бастайды"- деді «Қазгидромет» РМК Атырау облысы бойынша филиалының жетекші инженер-гидрологы Ақмарал Мизамғалиева.
Пікір қалдыру