Шетелдіктер Қазақстаннан 90 мың доллар алып өтпек болған

/image/2024/04/16/crop-115_30_540x960_1200xauto_w5g1o54mejxrjnm0sgesstkktgq0lp7zhjdebigd.jpg.webp

Атырау облысында Грузия азаматынан 90 мың доллар тәркіленді. Бұл біздің ақшамен есептегенде 40 млн 507 мың 38 теңгені құрайды. 

Грузия азаматының қолында 10 мың доллар алып, ал жол жүгіне 90 мың доллар жасырып өтпек болған. Заң бұзушылықты Атырау облысы "Әуежай-Атырау" кеден бекетінің қызметкерлері анықтаған. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.

"Сот шешіміне сәйкес, 90 мың доллар тәркіленіп, қалған 10 мың доллар Грузия азаматына қайтарылды. Сондай-ақ шетелдікке 40 АЕК әкімшілік айыппұл өндірілді" - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, ҚР заңнамасы бойынша елден 10 мың доллардан асатын қолма-қол шетел валютасын әкетуге тыйым салынған.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар