Атырауға да су басу қаупі төніп тұр

/image/2024/04/16/crop-1_0_235x418_660f994be8bca525687587.jpg

Сонымен қатар Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев Құлсарыда болып жатқан ахуал өте күрделі екенін және жылыойлықтар тасқын сумен күреске бел шешпей 2 апта дайындалып, 3 күн бойы қарғын сумен күрессе де, Құлсары қаласын су басқанын және Атырау қаласы да бұл тағдырды қайталауы мүмкін екенін жасырмады. Сондай ақ ол зардап шеккендерге барлық көмек көрсетіліп, шығын көлемі өтелетінін айтты.

«Орынбор облысындағы Ирикла су қоймасынан Жайыққа жіберілген су Қазақстан аумағында Батыс Қазақстан облысы арқылы Атырауға облыстың Индер, Махамбет аудандарының аумағымен ағып келеді. Су басу қаупі Орынбор, Орал қалаларынан кем болмайды деген болжам бар», – деді Жасұлан Бисембиев.

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар