Елдің бір бөлігі тасқынмен әуре-сарсаңға түсіп, екінші бөлігі Бишімбаевтың сотына телміріп отырғанда Қазақстанның ірі мұнай кен орындарындағы батыстық компаниялардың үлесін Ресейге бере салу туралы бастама қызу көтеріліп жатыр.
Мұндай ұсыныспен “Парасат” кәсіпкерлер альянсы тіпті президентке дейін шыққан. Ал қаңтар оқиғасы қарсаңында газбен жүру қымбаттаса, қоғамдық көлікке өтіңдер, соны да сөз қылып жүрсіңдер ме” деп айды аспаннан бірақ шығарған қазіргі энергетика министрлігінің жанындағы қоғамдық кеңес мүшесі Олжас Байділдинов осы меселені желпіне көтеріп жүр.
Ол Қазақстан үкіметі мұнай өндіру ісінде батыстық компаниялармен 90 жылдардың басындағы шарт негізінде жұмыс істейтіндіктен, ай сайын 500 млн доллар қаражаттан қағылып отыр, онымен бюджеттің біраз жыртығын жамар едік дейді. Ал шартты бір жақты өзгерту мүмкін емес екен, сондықтан ол Теңіз, Қарашығынақ, Қашаған кен орындарындағы батыстық компаниялардың үлесін жаңа шартпен Ресейге берген дұрыс деп санайды. Батыс елдері кен орындары үшін қаржыны Кремльдің Украинаға соғыс ашқаннан кейін бұғатталған 300 млрд доллар қаржысынан алсын дейді.
Ал Қазақстанның кен орындарын батыстан алып, Ресейге берген жомарттығы үшін бұғаттағы қаржы есебінен Росатом бізге алғашқы Атом электр станциясын салып берсе болады дегенді қоса кетеді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Пікір қалдыру