Бұған дейін желіде кейбір адамдардың әдемі селфи жасау үшін гүлдерді қалай талап, көрсететін видеокадрлар пайда болған.
Алматы экология және қоршаған ортаны қорғау басқармасының мәліметінше, қазір Есентай өзенінің бойында өсіп тұрған қызғалдақтар күзде егілген. Ауа райы қолайлы болған кезде гүлдер сәуірдің ортасынан мамырға дейін гүлдейді дейді мекеме.
“Әлеуметтік желілерде тіркелген фактілерге байланысты департамент Алматы тұрғындары мен қонақтарын сәндік гүлді көгалдандыруға және қоғамдық орындарға қамқорлық жасауға шақырады”, – деп хабарлады Алматы әкімдігі.
Ведомство қолданыстағы заңнамаға сәйкес абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын еске салады.
Жеке тұлғаларға ескерту немесе 20 АЕК (73 840 теңге), шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 30 АЕК (110 760 теңге), орта кәсіпкерлік субъектілері үшін 40 АЕК (147 680 теңге), ірі кәсіпорындар үшін 100 АЕК (369 200 теңге) айыппұл салынады.
Айта кетейік, сирек кездесетін өсімдіктерді, соның ішінде "Грейг" қызғалдағын жұлғандар қылмыстық кодекстің 339-бабы 1-тармағы бойынша жазаланады. Аталған бап бойынша кінәлі деп танылған адамға 3 мың АЕК (11 млн 76 мың теңге) мөлшерінде айыппұл салу немесе 3 жылға бас бостандығын айыру/шектеу, болмаса 800 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы қарастырылған.
Пікір қалдыру