Ер адам ауыз су жеткізуші компанияда жұмыс істейді, ол оқиға болған күні қызметтік көлікпен көпірден өтіп бара жатқан.
"Мен суға секіргім келді, бірақ куәгерлер мұның өте қауіпті екенін айтты. Мен көліктегі сүйреткіш арқанмен төменге түстім. Арқанды көпірге жалғадық. Автобусқа қарай жүздім, люкті ашып, адамдарды шығаруға тырыстым", – дейді Аханов.
Губернатор Александр Беглов 15 қала тұрғынына қол сағаты мен "Құтқарудағы ерлігі үшін" белгісін табыс етті. Бұл – 2020 жылы тағайындалған Санкт-Петербург аймақтық сыйлығы.
25 жастағы Ерхан Аханов Шахтинскіде дүниеге келген. Бала кезінен спортпен айналысқан. Ол бокстан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионы. Әскерден кейін Санкт-Петербургке барып, сонда үйленіп, жұмыс істейді, оқуға да түскен. Ерханның анасы, әкесі және нағашы әжесі қазақ полициясында қызмет етеді.
10 мамырда күндіз Санкт-Петерборда автобус жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, бірнеше көлікпен соқтығысқан, содан кейін көлік көпірден құлап кеткен. Автобуста 20 адам болған. Оның жетеуі қайтыс болды.
Пікір қалдыру