Бұл ретте одан әрі даму шеңберінде терең өңделген өнімдер: макарон және кондитерлік өнімдер, крахмал өнімдері өндірісінің үлесін ұлғайту жоспарлануда.
Яғни, биыл Tiryaki Agro түрік компаниясы катарлық Hassad Food компаниясымен бірлесіп, Астана қаласында астықты терең өңдеу бойынша құны $400 млн (қуаты – 240 мың тонна) жобаны іске асыруды бастады.
Соның ішінде, Қостанай облысында отандық «Қостанай грейн индастри» компаниясы құны 50 млрд теңге (қуаты – 330 мың тонна) астықты терең өңдеу жобасын іске асыруда. Ал Түркістан облысында «Қазқрахмал» компаниясы инвестиция көлемі 35 млрд теңге (қуаты – 150 мың тонна) крахмал өнімдерін өндіру үшін жүгеріні қайта өңдеу жобасын іске асырды.
Министрліктің мәліметінше, алдағы уақытта крахмал, глютен, глюкоза-фруктоза шәрбаты, лизин, биоэтанол түріндегі соңғы өнімдерді әлемдік нарықтарға экспорттау жоспарланып отыр. Сонымен қатар 2024-2026 жылдары Қазақстанда дәнді дақылдарды қайта өңдеу бойынша 13 жобаны іске қосу жоспарланған.
Пікір қалдыру