Елімізде болған су тасқынынан бүлінген 4 315 үй апатты деп танылды. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев мәлімдеді.
"Алдын ала жасалған қорытындыларға сәйкес, жалпы ел бойынша 9 мыңнан аса үй жөндеуден өтетін болады. 4 315 үй апатты деп танылды. Осыған байланысты өңірлерде 1 847 үй мен пәтердің құрылысы басталды. Бұрын пайдалануға берілген 3417 пәтер мен үй сатып алынады деп жоспарланып отыр", — деп мәлімдеді ол.
Айтка кетейік, елімізде су тасқыны салдарынан 10 облыста төтенше жағдай жарияланған болатын. Тасқын судан болған жалпы шығын көлемі әзірше белгісіз.
Пікір қалдыру