Әйелін өлтіргені үшін 24 жылға сотталған экс-министр Қуандық Бишімбаевты қорғаған адвокат Ерлан Ғазымжанов полицияға арыз түсірді. Белгісіз біреулер адвокатқа қоқан-лоққы көрсеткен.
Астананың Сарыарқа ауданының полиция бөлімі Қылмыстық кодекстің 409-бабының 2-бөлігі – "Сот төрелігін немесе сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асыруға байланысты қорқыту немесе күш қолдану әрекеттері" бойынша қылмыстық іс қозғады.
Қазір тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Пікір қалдыру