ХХ ғасырдың 30-жылдарында ату жазасына кесілген қуғын-сүргін құрбандары Алматы маңындағы Жаңалық ауылына жаппай жерленген. Қорым 1989 жылы азаматтарға саяжай жер телімдері бөлінгенде кездейсоқ анықталған. Жерленді деген аты болмаса, атылғандарды топ-тобымен әкеліп үйе берген. Зерттеу жұмыстары нәтижесінде ауыл маңындағы 2 шұңқырдан 95 адамның сүйегі табылған. Енді бәрінің құраны оқылып, ата жолымен қайта жерленетін болады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Пікір қалдыру