Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Гүлмира Сатыбалды мен оның бұрынғы жүргізушісі Мәди Батыршаевқа қатысты кәсіпкерді бопсалау және заңсыз бас бостандығынан айыру туралы іс бойынша сот талқылауы басталды. Төрағалық етуші судья - Мартпек Кәкімжанов.
Бұған дейін сот Астанадан Алматыға Гүлмира Сатыбалдыны кезең-кезеңімен өткізу туралы қаулы шығарған болатын.
Сондай-ақ залда жәбірленуші кәсіпкер Жүнісов пен оның екі ағасы бар. Тыңдаулар офлайн режимде өтеді.
Сот отырысы басталмас бұрын сот айыптау және қорғау тарапын тыңдап, сотталушылар мен олардың адвокаттарын фотоға түсіруге және жариялауға тыйым салды.
Судья тәртіп бұзушыларға шара қолданылатынын да ескертті.
Пікір қалдыру